Сабақ үстінде мұғалімге былапыт сөз айтқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Сабақ үстінде мұғалімге былапыт сөз айтқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды. Келеңсіз жағдай 10-шы желтоқсан күні Лисаков қаласындағы №1 мектепте орын алған. Оқу барысында ұстаздың ескертуіне құлақ аспай керсінше ауыр сөздермен балағаттаған баланың әке-шешесіне 30 мың теңге айппұл салынды. Оған қоса жеткіншек профилактикалық есепке қойылды.



