Рудный қаласында жұмыс орнындағы бункерді тазаламақ болған 4 жұмысшы оқыста қаза тапты
Рудный қаласында жұмыс орнындағы бункерді тазаламақ болған 4 жұмысшы оқыста қаза тапты. Олар 6 қазан күні тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалауға түсіп, қайта сыртқа шыға алмай қалған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі барған. Одан бөлек, қызмет барысында Қостанай ауданында да бір адам көз жұмды.