26.09.2026 02:19
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Рудный қаласында ірі қант зауытының құрылысы жоспарлануда

  • 17 августа, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 8

Қостанай облысында кейбір маңызды азық-түлік түрлері әлі күнге дейін өңірде өндірілмей, сырттан тасымалданып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Кашаков арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта күріш, қант, тұз және шай толығымен өзге өңірлерден немесе импорт арқылы әкелінеді. Дегенмен, бұл тәуелділікті жою үшін Рудный қаласында ірі қант зауытын салу жоспарланып отыр.