Рудный қаласында айналма жолдың құрылысы басталмақ
Рудный қаласында айналма жолдың құрылысы басталмақ. Бұған дейін ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналар батысқа бет алған кезде, қала арқылы өтуге мәжбүр болған еді. Бұл жағдай қаладағы көлік қозғалысын көбейтіп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болып келген. Сонымен қатар, ауа сапасына кері әсер етіп, экологияға зиянын тигізді. Енді осы мәселені шешу үшін айналма жол салу жоспарланып отыр. Жақын арада бұл жобаны жүзеге асыратын мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланатын болады.