Рудный қаласы мен Қашар кентінің тұрғындары енді жылу үшін азырақ төлейді
Рудный қаласы мен Қашар кентінің тұрғындары енді жылу үшін азырақ төлейді. Өзгерістер шаһардың 100 мың тұрғыны мен мыңға жуық кәсіпорнына қатысты. Тарифті қайта қарауға Қостанай облысының прокуратурасы қол жеткізді. Тексеру барысында жылумен жабдықтаушы компанияның тарифтік бағдарламада көзделген міндеттемелердің барлығын толық орындамағаны анықталды. Жылу ақысы қаншаға арзандайды? Төмендетілген тариф қанша уақыт қолданыста болады?



