Ресейде қауіпті инфекцияның таралуына байланысты елімізде төрт түлікке шұғыл вакцинация жүргізіледі
Ресейде қауіпті инфекцияның таралуына байланысты елімізде төрт түлікке шұғыл вакцинация жүргізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді. Үкімет індетті алдын алу мақсатында тиісті препараттарды жедел түрде сатып алмақ. Тиісті қаулы да қабылданған. Ал, қазіргі уақытта өңірлерде жыл сайынғы жоспарлы вакцинациялау науқаны жүргізілуде. Мәселен біздің өңірде биыл 14 аса қауіпті ауруға қарсы 5,7 миллион жануарға екпе салу көзделген.



