ҚР мен Украина құқық қорғаушылары бірлесіп, Днепр қаласында трансұлттық алаяқтардың желісін құрықтап
Қазақстан мен Украина құқық қорғаушылары бірлесіп, Днепр қаласында трансұлттық алаяқтардың ірі желісін құрықтап, нәтижесінде, жүздеген отандасымызды тақырға отырғызып келген үш бірдей call-орталықтың жұмысы тоқтатылды. Тергеу мәліметінше, алаяқтар инвестициялық компаниялар мен криптобиржалардың атын жамылып, адамдардың жиған-тергенін жымқырып келген.



