Президенттің тікелей тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026-2030 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті
Мал басын көбейтіп, экспортты еселегісі келетін шаруаларға мемлекет тарапынан тың серпін берілмек. Президенттің тікелей тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026-2030 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын бекітті. Бұл құжат аясында ішкі нарықты отандық өніммен толтырып, шетелге тауар шығаратын кәсіпкерлер үшін үш бағыт бойынша жеңілдетілген несие қарастырылған.



