Полиция қызметкерін соққыға жығу ісі бойынша сот отырысында айыпталушылардан жауап алу басталды
Қостанай қаласының «Береке» шағынауданында полиция қызметкерін соққыға жығу ісі бойынша сот отырысында айыпталушылардан жауап алу басталды. Олардың бірінің айтуынша, жанжалға жәбірленушінің өзі себеп болған. Сондай-ақ ол ұсталғаннан кейін және полиция бөліміне жеткізу кезінде өздеріне физикалық әрі психологиялық қысым көрсетілгенін мәлімдеді. Сот залында айыпталушылардың жауаптары жарияланған сәтте түсірілім тобы да болды.



