Полицейлер «мас күйінде жасалатын қылмыс» деп аталатын деңгейін төмендетуге қол жеткізді
Қостанай облысында полицейлер «мас күйінде жасалатын қылмыс» деп аталатын құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге қол жеткізді. Дегенмен, бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр. Полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, көбіне тұрмыстық жанжалдардың, отбасылық кикілжіңдердің, бұзақылықтың және жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстардың басты себебі — алкоголь. Ведомство өкілдері мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын баяндады.



