Отбасы банк артылған артық қаражтқа ем алуға уақытша тыйым салды
Қазақстандықтар зейнетақы жинағымен енді емделе алмайды. Отбасы банк артылған артық қаражтқа ем алуға уақытша тыйым салды. Себебі, ел тұрғындары арасында зейнетақы жинақтарын жаппай шешіп алу дерекетері тіркелген. Соңғы уақыттары радиохирургия қызметіне төлем жасауға өтінімдер күрт көбейіпті. Тек желтоқсан айында ел тұрғындары қатерлі ісікті емдеуге жаппай 7 мыңнан астам өтініш берген. Бұл өткен айлармен салыстырғанда 14 есе көп. Сол себептен болар, Отбасы банк барлық ем түрлеріне шектеу қойды.



