Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір еразаматтың парызы
Отан алдындағы борышын өтеу – әрбір еразаматтың парызы. Қостанайдағы ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне бұл жолы да еліміздің әр өңірінен жүздеген жас сарбаз келіп қосылды. Биылғы шақырылымның басты ерекшелігі- қатарда бір емес, бірден екі жұп егіздің қызмет етуі. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, әскерилерге смартфон ұстауға ресми түрде рұқсат берілді.



