От-шашуды рұқсатсыз сатқан саудагерлер 100 мың теңге айыппұл арқалайды
От-шашуды рұқсатсыз сатқан саудагерлер 100 мың теңге айыппұл арқалайды. Төтеншеліктер мереке қарсаңында алып-сатарларға қатаң ескерту жасады. Себебі жаңа жылда көпшілік сапасыз пиротехниканы аспанға ұшарып, аяқ-қолдарын жиі жаралайтын көрінеді. Қала әкімдігінде өткен кеңесте Қостанай қаласының ТЖБ-ның басшысы өрт қауіпсіздігне қатысты басқа да мәселелерді мәлімдеді.



