Қосулы тұрған асүй плитасында қараусыз қалған тағам адам өмірін қыл үстінде қалдырды
Қосулы тұрған асүй плитасында қараусыз қалған тағам адам өмірін қыл үстінде қалдырды. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел әрекетінің арқасында түтінге толған пәтерден ер адам дер кезінде құтқарылды. Сол сияқты, облыс жолдарында болған тағы бір оқиғада құтқарушылар мен жол қызметінің мамандары қар құрсауында қалған бір азамат пен тіркемеде болған 40 бас ірі қара малды аман алып шықты. Бұдан бөлек, жеңіл автокөлікте шыққан өрт те дер кезінде ауыздықталды. Аталған оқиғалар өңірдегі төтенше қызметтердің кәсіби дайындығы мен жедел қимылын тағы бір мәрте дәлелдеді.



