Қостанайлық жүргізушілер жол белгілері көрінісіне шағымдануда
Қостанайлық жүргізушілер жол белгілері көрінісіне шағымдануда. Айтуларынша, жасыл желектер бағдаршамдарды, жол белгілерін және бақылау камераларын жауып қалады. Мәселен, маршруттық автобустардың жүргізушілері мұндай жағдайға жиі тап болатындарын айтып, бұл жол қозғалысына едәуір қиындық тудыратынын жеткізді. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бұл мәселеден хабардар екендерін айтты. Тіпті, тек өткен жаздың өзінде жол полициясынан осыған байланысты 200-ден астам ескерту алғандарын мәлімдеді.