24.04.2026 09:46
Қазақ Қазақ
USD 462.87
EUR 540.72
RUB 6.16
Жаңалықтар

Қостанайлық жүргізушілер көліктегі қауіпсіздік заттарының жоқтығы үшін салынатын айыппұлдарға шағымдануда

  • 24 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайлық жүргізушілер көліктегі қауіпсіздік заттарының жоқтығы үшін салынатын айыппұлдарға шағымдануда. Әлеуметтік желілерде соңғы екі апта бойы полицейлердің жүк салғышты ашуды талап етіп, ондағы өрт сөндіргіштің, алғашқы көмек қобдишасының, апаттық тоқтау белгісінің, тіпті жарық қайтарғыш кеудешенің бар-жоғын тексеретіні туралы жағдайлар талқыланып жатыр. Осы тізімдегі заттардың бірі болмаса, жаза қолданылады-мыс. Қостанай облыстық әкімшілік полиция басқармасы біздің сауалымызға жауап бере отырып, автокөлікте қандай заттардың міндетті түрде болуы керектігін және патрульдік полиция қызметкерлері қай жағдайда оларды көрсетуді талап ете алатынын түсіндірді.