19.11.2026 10:09
Қазақ Қазақ
USD 444.16
EUR 487.29
RUB 5.4
Жаңалықтар

Қостанайлық зейнеткер белгісіз адамдарға жарты миллион теңге аудармақ болған

  • 19 ноября, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайлық зейнеткер белгісіз адамдарға жарты миллион теңге аудармақ болған. Алайда банкомат жанында қолына бір бума ақша ұстап, телефонмен сөйлесіп тұрған қарт әйелді қала тұрғыны дер кезінде байқап қалған. Ол бірден полиция қызметкерлерін шақырған. Полицейлер алаяқтардың ықтимал құрбаны болған әйелді олармен бірге түсініктеме алу үшін баруға көндірген. Бір қызығы, зейнеткер киберполиция қызметкерлеріне ақшасынан айырылуға неліктен дайын болғанын түсіндіріп бере алмаған.