Қостанайлықтар жаз бойы күткен заманауи аялдамалар әлі салынып бітпей жатыр
Не ескісі жоқ, не жаңасы орнатылмаған. Қостанайлықтар жаз бойы күткен заманауи аялдамалар әлі салынып бітпей жатыр. 35 жаңа павильон орнатуға міндеттелген мердігер компания жұмыс кестесінен екінші рет қалуда. Мамыр айында іске кіріскен мердігер, тамыз айына дейін жұмысты толық аяқтауы тиіс еді. Алайда күздің ортасына жетсе де, қала көшелерінде қолданысқа берілген аялдамалар саусақпен санарлық. Тұрғындар күн суып, жел мен жаңбырдың астында қалғанын айтады. Жұмыстар қашан аяқталады?