27.01.2026 10:17
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанайлық студент қыз алаяқтардың шырмауына ілініп, 5 миллион теңгесінен айырылған

  • 27 января, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайлық студент қыз алаяқтардың шырмауына ілініп, 5 миллион теңгесінен айырылған. 22 жастағы бұрымды бұнымен тоқтап қалмай, қаскөйлердің картасына тағы 1 миллион 200 мың теңге жібермекші болады. Алайда, банк қызметкерлерінің күдігі арқасында полицейлерге хабар жетіп, алаяқтық әрекет дер кезінде тоқтатылды. Полиция қызметкерлері бүгінде алаяқтар егде жастағы азаматтарға емес, жас буынға көз тіккенін айтады. Сондықтан жастарға қаржы қауіпсіздігіне аса мұқият болу маңызды.