Қостанайлық полиция криминалистері жаңа бағдарламалы-құрылымдық кешенді қызметке енгізді
Қостанайлық полиция криминалистері жаңа бағдарламалы-құрылымдық кешенді қызметке енгізді. Мамандардың айтуынша, оның көмегімен олар қаруды заңсыз айналымға шығару деректерімен байланысты қылмыстарды бұрынғыдан да жылдам аша алады. Заманауи технологиялар жасырылған ақпаратты көруге мүмкіндік береді, яғни әрбір зауытта шығарылған қарудың идентификациялық нөмірлері жойылған болса да, анықталады.



