Қостанайлық полицейлер мас күйінде көлік ұрлаған азаматтарды құрықтады
Қостанайлық полицейлер мас күйінде көлік ұрлаған азаматтарды құрықтады. Енді қылмыс жасағаны үшін қаскөйлер бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы, соңғы уақыттары өңірде көлік ұрлау фактілері жиілеген. Мәселен, облыс аумағында өткен «Автомобиль» операциясы барысында полицейлер бұрын жасалған жеті ұрлық фактісін әшкерлеп, қосалқы бөлшектер мен автокөлік бөлшектерін заңсыз саудалаған тұлғаларды жауапқа тартты.