Қостанайлық полицейлер қала аумағында синтетикалық есірткі таратпақ болған күдіктіні құрықтады
Қостанайлық полицейлер қала аумағында синтетикалық есірткі таратпақ болған күдіктіні құрықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталған азаматтың көлігі мен баспанасынан белгісіз ұнтақ заттар табылып, тәркіленді. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, қапталған дозалар қала көшелеріне жасырын қойып кету (закладка) әдісімен таратылуы тиіс болған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.





