Қостанайлық мүмкіндігі шектеулі спортшылар үлкен додаларға дайын
Спорт — тілсіз, бірақ жүрекпен ұғынылатын әлем. Қостанайлық мүмкіндігі шектеулі спортшылар үлкен додаларға дайын. Еліміздің атынан сегіз спортшы үстел теннисі бойынша Токиода өтетін XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысады. Оның бесеуі Қостанайлық спортшылар. Байрақты бәсеке қарашаның 15-і мен 26-сы аралығында өтеді.



