Қостанайлық киберполиция қызметкерлері алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қоя алды
Қостанайлық киберполиция қызметкерлері екі кәсіпорын менеджерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қоя алды.
Бірінші жағдайда банк қызметкерлері шетелге бірнеше миллион теңге аудармақ болған зейнеткерге назар аударып, нәтижесінде қарт адамның қаражатының басым бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Екінші жағдайда автосалон менеджері әйелдің өз көлігін шынайы нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағаға сатпақ болғанынан күмәнданып, алаңдаушылық білдірді. Аталған деректер туралы біздің тілшілерімізге полиция қызметкерлері мәлім етті.



