Қостанайлық дәрігерлер 6 сағатқа созылған бірегей ота жасады
Қостанайлық дәрігерлер 6 сағатқа созылған бірегей ота жасады. Облыстық аурухананың нейрохирургтері 53 жастағы өңір тұрғынының бас миындағы қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауын қамтамасыз еткен. Мамандардын сөзінше, бұндай ота түрін жасау өте қиын. Себебі ол аса мұқият болуды және шыдамдылықты талап етеді.