Қостанайдың орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлер биыл жаппай жаңа кейіпке енбек
Қостанайдың орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлер биыл жаппай жаңа кейіпке енбек. Баспаналардың шатыры мен қасбеті жаңартылып, бірқатарына алғаш рет заманауи сәулеттік жарық шамдары орнатыла бастады. Дегенмен, қазіргі уақытта жобаны толық аяқтауға қажетті бюджет қаражатының бір бөлігі тапшы. Осыған қарамастан, жергілікті мердігерлер жұмысты тоқтатпай, өз қаражаты есебінен жалғастыруға бел буған.



