Қостанайда жолаушы мен автобус жүргізушісі жаға жыртысты
Қостанайда жолаушы мен автобус жүргізушісі жаға жыртысты. Келеңсіз жайт ұялы телефон камерасына түсіп қалған. Куәгерлердін сөзінше, жанжал жолаушылар шығатын артқы есіктің ерте жабылғанынан туындаған. Бұдан бөлек, Қостанай қаласында жолаушысын бопсалап, жұдырық жұмсаған таксист ұсталды. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.