Қостанайда жол жөндеу науқаны басталуға жақын тұр
Қостанайда жол жөндеу науқаны басталуға жақын тұр. Көшелердің уақытша жабылуына байланысты кейбір қолайсыздықтарға қарамастан, биыл бірқатар маңызды нысан толықтай ретке келтірілмек.Атап айтқанда, Карбышев, Волынов және Быковский көшелері жаңармақ. Ал Нариманов көшесінде қайта құру, яғни реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі: жол кеңейтіліп, көлік тұрағы орындары көбейтіледі.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы Фролов көшесі дәл осы үлгіде жаңартылып, тұрғындардың игілігіне берілген болатын.



