25.08.2026 00:18
Қазақ Қазақ
USD 457.99
EUR 534.15
RUB 5.47
Жаңалықтар

Қостанайда ЖИ көмегімен жұмыс істейтін бейнебақылау камералары іске қосылуда

  • 22 января, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 10

Қостанайда ЖИ көмегімен жұмыс істейтін бейнебақылау камералары іске қосылуда. Қазір қозғалысы қызу қайнаған 8 қиылыста заманауи құрылғы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, адам көп шоғырланатын саябақтар мен гүлзарларда 36 жаңа бейнекамера орнатылды. Алдағы уақытта бұл құрылғыларға да жасанды интеллект жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жүйе арқылы іздеуде жүрген азаматтарды анықтауға, көлік нөмірлерін тануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ жоғалған немесе қараусыз қалған заттарды жедел табуға да септігін тигізеді.