Қостанайда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау дерекетері әлі де тіркеліп келеді
Қостанайда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау дерекетері әлі де тіркеліп келеді. Өткен жылы шаһарда кәмелет жасқа толмаған 2 бала суицид жасап, бақилық болған. Ал, жыныстық әрекетке қатысты тіркелген 12 қылмыстың 8-ін қаладағы мектеп оқушылары жасапты. Бұл фактілер 6 балаға қатысты болған. Жаға ұстарлық деректерді Қостанай қаласының білім бөлімі басшысы құқықбұзушылқты алдын алуға бағытталған «Айқын нәтежие» жобасының таныстырылымында хабарлады. Гүлсім Оразбаева қайғылы жайттарды болдырмау және азғындық әрекеттерді тоқтату үшін қандай шаралар жасалып жатқанын жиын барысында мәлімдеді.



