18.11.2025 09:34
Қазақ Қазақ
USD 522.19
EUR 606.42
RUB 6.47
Жаңалықтар

Қостанайдағы жылы аялдамалар үйсіз-күйсіздердің панасына айналды

  • 18 ноября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайдағы жылы аялдамалар үйсіз-күйсіздердің панасына айналды. Тұрақты мекенжайы жоқ азаматтар былтырғы әрекеттерін қайталап, павильондарда түнеп жүр. Бұл жағдай қарапайым халықтың ашуын туғызуда. Ертемен жұмысқа шығатын тұрғындар жылы аялдамаларға кіруді қойдық, деп отыр. Айтуларынша, павильион ішіндегі жағымсыз иіс пен антисанитария салдарынан күздің қара суығында автобусты далада тосуға мәжбүр. Тұрғындар тиісті органдардан мәселені тез арада шешуді талап етеді. Жауаптылар қандай шара қолданбақ?