Қостанайдағы өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңарып
Қостанайдағы өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңарып, құтқарушылардың кәсіби даярлығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Спорт манежі тәуліктің кез келген уақытында жаттығуға мүмкіндік берсе, жаңа жатақхана қызметкерлердің тұрмысын едәуір жеңілдетеді. Жөндеу жұмыстарының аяқталуымен құтқарушылардың оқу-жаттығу сапасы жақсарып, төтенше жағдайларға әрекет ету жылдамдығы артады деп күтілуде.



