14.11.2025 07:15
Қазақ Қазақ
USD 524.32
EUR 609.05
RUB 6.52
Жаңалықтар

Қостанайдағы Назарбаев даңғылы кеңейе түспек

  • 15 апреля, 2025
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанайдағы Назарбаев даңғылы кеңейе түспек. 4 көлік сыйымдылығы бар жолды 6 жолаққа айналдыру жоспарын бүгін қала әкімі Марат Жүндібаев ресми жиында мәлімдеді. Шаһар басшысының сөзінше, бұл көлік ағының азайтып, кептелістерді болдырмайды. Жалпы биыл қаланың күре және жанама тас жолдарын ретке келтіру үшін қыруар 7,8 млрд теңге бөлінген болатын. Жоспар бойынша 83 жол учаскісі қалыпқа келеді. Қазіргі таңда жұмсытар басталып та кетті. Мердігер ұйымдар міндеттелген шаруаны күзге дейін кешіктірмей аяқтауы тиіс.