26.09.2026 04:24
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанайда «Вандализмге жол жоқ» акциясы бастау алды

  • 13 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 8

Қостанайда «Вандализмге жол жоқ» акциясы бастау алды. Игі бастаманы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы ұйымдастырып отыр. Бүгін орталық мамандары еріктілерімен бірлесіп, қаладағы тарихи ескерткіштерді түрлі жазулардан тазартып, айналасын қоқыстан арылтты. Акцияның басты мақсаты – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, олардың тазалығы мен сақталуына қоғам назарын аудару және жастардың мәдени құндылықтарға деген жауапкершілігін арттыру.