Қостанайда қуыршақ өнерінің қарашаңырағы 40 жылдық мерейтойын атап өтті
Қостанайда қуыршақ өнерінің қарашаңырағы 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Өнер ордасында бір күнде бірден бірнеше маңызды жоба жүзеге асты: сәбилерге арналған Baby-театр ашылып, тарихты қамтыған музейдің тұсауы кесілді. Салтанатты кеште театр шежіресіне арналған кітап таныстырылып, ардагерлер мен бүгінгі ұжым өкілдеріне арнайы даналар табысталды. Ал мерекенің шарықтау шегі – 2025 жылы еліміз бойынша үздік атанған «Мен» спектаклінің көрсетілімі болды.





