Қостанайда Триатлон паркі биыл қолданысқа беріледі
Қостанайда Триатлон паркі биыл қолданысқа беріледі. Бүгінде саябақтын құрылысы мәре сызығында. Демалыс аймағында барлық жөндеу жұмыстары күзге дейін аяқталмақ. Бірақ әкімдік мұнымен тоқтап қалмайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазір Притобольский саябағының жағалау бөлігіне әсер ететін жаңа жобаны әзірлеуде.