Қостанайда тамыздың 14-16 аралығында қала күні аталып өтеді
Қостанайда тамыздың 14-16 аралығында қала күні аталып өтеді. Биыл шаһардың 147 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаға мәдени, спорттық, танымдық және ойын-сауық бағытындағы 30-дан астам іс-шара енгізілген. Мерекелік алаңдар тек қала орталығында ғана емес, шағын аудандарда да ұйымдастырылып, барлық жастағы тұрғындарды қамтиды. Бағдарламада халықаралық фестивальдер, кітап және қолөнер жәрмеңкелері, спорттық жарыстар, танымал өнерпаздардың концерті мен жартылай марафон өткізу жоспарланған.




