Қостанайда соңғы бес жыл ішінде 168 көпқабатты үй жөңделді
Қостанайда соңғы бес жыл ішінде 168 көпқабатты үй жөңделді. Биылғы жоспар бойынша тағы 20 үй қамтылған, қазіргі таңда оның екеуінде жөндеу жұмыстары кешіктіріліп келеді. Үйлерде бизнес нысандар орналасқандықтан жөңдеуге кәсіпкерлер де тартылып жатыр. Бұл – облыс орталығында біркелкі сәулеттік келбет қалыптастыруға бағытталған науқанның бір бөлігі.