Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
Қостанайда құрылыс компаниясының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, құрылыс компанияларының бірінің басшысы екі жыл бойы тұрғын үй кешенінің үлестік құрылысына қатысу сылтауымен азаматтардан заңсыз түрде ақша алған. Осылайша баспана аламын деген 28 жеке және бір заңды тұлғаға 162 миллион теңгеден астам шығын келген.



