14.03.2026 00:55
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанайда әрбір төртінші қылмыс алкогольдің әсерінен жасалады

  • 13 ноября, 2025
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанайда әрбір төртінші қылмыс алкогольдің әсерінен жасалады. Биыл жылдың басынан бері спирттік ішімдік ішу барысында 10 кісі өлтіру және 40 ауыр дене жарақатын келтіру фактісі тіркелген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, маскүнемдікпен күреске бағытталған шаралар, өкінішке қарай, әзірге тиімді нәтиже бермей отыр. Айта кетсек, өткен демалыс күндері ғана алкогольді заңсыз сатқан жеті дүкенге айыппұл салынған.