Қостанайда қоғамдық орындардағы тіл заңнамасының дұрыс сақталуын қадағалау жалғасуда
Қостанайда қоғамдық орындардағы тіл заңнамасының дұрыс сақталуын қадағалау жалғасуда. Басты назар тамақтану желілерінде. Сәуірден бері жүз он жеті дәмхана мен мейрамхана тексеруден өткен. Көбіне маңдайша, ас мәзірі мен түбіртектердегі қателіктер, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қазақ тілінің қолданылмауы жиі байқалады.



