07.07.2026 19:52
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Қостанайда мемлекеттік қызметшілер қала көшелерін жинауға білек сыбана кірісті

  • 20 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Қостанайда мемлекеттік қызметшілер қала көшелерін жинауға білек сыбана кірісті. Екі айлық тазалық науқаны аясында атқамінерлер әр бейсенбі сайын қолдарына тырнауыш пен күрек алып, белгіленген учаскелерді ретке келтіреді. Негізгі жұмыс саябақтар, гүлзарлар мен саяжолдардағы қыстан қалған қоқыс пен сарғайған жапырақтарды тазарту. Шенеуніктер бұл жолы кабинеттегі есеп-қисапты емес, қала тазалығын бірінші орынға қойды.