Қостанайда мемлекет тарапынан берілетін тегін жер телімдерін бөлу жұмыстары жалғасып келеді
Қостанайда мемлекет тарапынан берілетін тегін жер телімдерін бөлу жұмыстары жалғасып келеді. Бүгінде кезекте тұрғандардың саны 40 мыңнан асады, дегенмен бұл бағдарламаға тұрғындар арасында қызығушылық байқалмай отыр. Мамандардың айтуынша, кезекте тұрған азаматтардың тек жер телімін ғана емес, дайын салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі де бар. Үйлерді келіп көріп, өз көздерімен бағалауына да болады.



