Қостанайда кезекте тұрғандар үшін жеңілдетілген ипотекаға өтініш қабылдау басталды
Қостанайда кезекте тұрғандар үшін жеңілдетілген ипотекаға өтініш қабылдау басталды. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы барлық топтар төмен пайызбен пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие. Облыс орталығында Береке шағын ауданындағы үш көпқабатты үйге қоныстандыру жоспарланып отыр.



