Қостанайда күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды
Қостанайда күзгі көгалдандыру жұмыстары басталды. Биыл қала көшелеріне 800-ге жуық ағаш пен бұта отырғызылады. Қазірдің өзінде Әл-Фараби даңғылында 118 сібір шыршасына орын дайындалған. Мамандардың сөзінше, бұл жұмыстардың тек бір бөлігі ғана. Жалпы соңғы төрт жылда Қостанайда 21 мыңнан астам ағаш егілді.



