13.03.2026 23:19
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанайда көпбалалы әке ұлттық нақыштағы ағаш бұйымдар жасайтын шеберхана ашты

  • 10 декабря, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 5

Қостанайда көпбалалы әке ұлттық нақыштағы ағаш бұйымдар жасайтын шеберхана ашты. Мемлекеттік грант ұтып алған Талғат Досмұхамбетов соңғы екі айда кәсібін жолға қойып, отбасылық шаруасын дөңгелетіп отыр. Кәсіпкер үкіметтен алған 1,5 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алып, бүгінде тапсырыс бойынша бесік, дөңгелек үстел, табақ, түрлі тақтайшалар мен тұрмыстық бұйымдар әзірлейді. Ұлттық өнерді жаңғыртуға оған жұбайы көмек береді.