Қостанайда көпқабатты үй тұрғындары мен құзырлы органдар арасында дау туды
Қостанайда көпқабатты үй тұрғындары мен құзырлы органдар арасында дау туды. Қараша аула арқылы ары-бері ағылған көлік қозғалысын шектеу үшін жолға заңсыз бетон кедергілер қойып, өз тыныштығын ойласа, төтеншеліктер бұл әрекеттің заңға қайшы екенін айтып, оларды алып тастауда. Себебі мұндай бөгеттер апат кезінде жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктерінің уақытылы жетуіне үлкен қиындық туғызады. Осыған байланысты елімізде «Еркін жол» атты кең көлемді акция басталып, көпқабатты үйлердің маңындағы заңсыз бөгеттерді мәжбүрлі түрде алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



