Қостанайда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда
Қостанайда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімі қала көшелерін аралап, қар шығару жұмыстарының барысын көрді. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда алаңдауға негіз жоқ, ахуал тұрақты. Десе де, сақтықта қорлық жоқ. Мәселен, жыл сайын ерекше назар аударылатын «Екінші Қостанай» шағын ауданында алдын алу жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Мұнда Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы штабы құрылған.



