Қостанайда ірі алаяқтық ісі бойынша сот процесі басталды
Қостанайда ірі алаяқтық ісі бойынша сот процесі басталды.
Бірқатар алаяқтық қылмыстарды жасады деген күдікпен Қостанай қаласының тұрғыны жауапқа тартылуда. Ол бірнеше жыл бойы туристік агент қызметін сәтті атқарған. Алайда соңғы жылдары оның бірнеше клиенті демалысқа ұша алмай, нәтижесінде миллиондаған теңгеден айырылған.