Қостанайда инватакси қызметін пайдаланушыларға жаңа талап қойылды
Қостанайда инватакси қызметін пайдаланушыларға жаңа талап қойылды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар барар жеріне жету үшін міндетті түрде жанында сүйемелдеушісі болуы тиіс. Онсыз жүргізушілер жолаушыны тасымалдаудан бас тартуы мүмкін. Себебі жеке көмекшісі жоқ жанды көліктен түсіріп, ғимарат ішіне дейін жеткізу жүргізушінің тым көп уақытын алады. Салдарынан өзге тапсырыстарға кешігіп, жұмыс кестесі ақсайды. Алайда, әркімнің қасында әрдайым қолтығынан демейтін көмекшісі бола бермейді, деп отыр мүгедектігі бар жандар. Мәселе қалай шешілмек?



